"Кешіріңіздер": Данил Молодой ірі турнирде сәтсіздікке ұшырады
Molodoy FURIA командасының мейджордан шығып қалуынан кейін кешірім сұрады.
Сурет: ашық дереккөздерден
Қазақстандық снайпер Данил «molodoy» Голубенко Будапештте өткен StarLadder Major турнирінің ширек финалында NAVI командасынан жеңілгеннен кейін қысқаша пікір білдірді.
Серия қорытындысы бойынша оның жеке статистикасы KD 35–49 болды. Осыдан кейін ойыншы бар болғаны бір ғана сөз жазды:
«Кешіріңіздер».
NAVI 2:1 есебімен жеңіске жетті
- Mirage — 13:5
- Inferno — 13:16
- Train — 13:2
NAVI үшін бұл — PGL Major Copenhagen турниріндегі чемпиондықтан бері алғаш рет мейджордың үздік төрттігіне шығу.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet