Қазақстан құрамасы "Turan Masters" турнирінде бақ сынайды
Түркітілдес мемлекеттер арасындағы киберспорт додасы Бакуде өтеді.
CS2 және FC 25-тен Қазақстан ұлттық құрамалары Әзербайжанның Баку қаласына аттанды. Аталған шаһарда “Turan Masters” — First Turkic Regional Championship турнирінде ел намысын қорғайды. Чемпионат түркітілдес мемлекеттердің мықты киберспорт ұжымдарын бір жинаған.
CS2 құрамасы
Қазақстан құрамасы Counter-Strike 2 бойынша келесі спортшылардан жасақталған:
- Toktar ARSPOWER Arystan
- Tyulyubayev schz Kydyrbek
- Bazarbayev xtr34m Zhantuar
- Zhanat Rui rui Amir
- Brynskiy f1NCH Nikita
Бас бапкер:
-
Abdrakhmanov darpaq Darkhan
FC 25 бойынша Қазақстан құрамасының ойыншысы
-
Mirgali FcKaysar_Nurba Nurbakyt
Ол еліміздің атынан EA Sports FC 25 дисциплинасында өнер көрсетеді.
Түркі мемлекеттері арасындағы бәсеке
“Turan Masters” турнирінде Қазақстан келесі елдердің құрамаларымен бақ сынайды:
- Әзербайжан
- Түркия
- Өзбекстан
Бұл туралы не ойлайсыз?