Күні кеше қазақстандық Данил Голубенко Furia командасының сапында NAVI ұжымын жеңген болатын.
Counter-Strike 2 бойынша FURIA командасының ойыншысы Данил molodoy Голубенко IEM Kraków 2026 турнирінің топтық кезеңінде NAVI-ді жеңген матчтан кейін пікір білдірді.
Киберспортшы өз Telegram-арнасында бұл жеңістің маңызын атап өтіп, соңғы ойындардың оңай өтіп жатқан жоқ екенін жасырмады.
"NAVI-ді жеңдік — бұл біз үшін өте маңызды. Бірақ қазір әрбір матч ауыр күреспен өтіп жатыр. Барлығы бірден жүріп кеткен жоқ, ойдағыдай болмай жатқан сәттер де бар. Оның үстіне өзім ауырып жүрмін, температура түспей қойды. Мұндай жағдайда 100 пайыз ойнау қиын. Соған қарамастан, алға жылжып келеміз. Қателіктерді көріп отырмыз, олармен жұмыс істеп жатырмыз және тоқтамаймыз. Қолдау білдіріп жатқан баршаңызға рахмет — бұл бізге үлкен күш береді", — деді Мolodoy.
Сондай-ақ ол матч барысында күтпеген жағдай болғанын да айтып өтті.
"Айтпақшы, ойын кезінде коврикті ауыстыруға тура келді. Өзіме шай төгіп алдым. Анлак", — деп қосты ойыншы.
Айта кетейік, IEM Kraków 2026 турнирі 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Польшаның Краков қаласында өтіп жатыр. Жарысқа 24 команда қатысуда, ал жалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайды.