Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Сағат 6-дан кейін тамақтануға бола ма? Барлық мифті жоққа шығарамыз

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 07:37

Күніне 5 рет тамақтану – арықтаудың сенімді жолы ма, әлде кезекті фитнес-миф пе? Көптеген бағдарламалар мен кеңесшілер дәл осындай режимді ұсынады. Бірақ ғылыми зерттеулер бұл ұстанымды толығымен жоққа шығарады. 

Фото: flex-sport.ru
Фото: flex-sport.ru

Көптеген диетологтар мен фитнес-блогерлер күнделікті 5-6 рет аз-аздан тамақтануды ұсынады. Бұл тәсілде әсіресе таңғы асқа ерекше мән беріледі — «таңертең не жесең де болады» деген ұстаным қалыптасқан. Сонымен қатар, кешкі 6-дан кейін тамақтану май ретінде жиналады деген сенім де кеңінен таралған. Алайда бұл пікірлердің ғылыми негізі әрдайым дәлелденбеген.

Ғылым не дейді?

Калория – басты көрсеткіш

Тамақтану жиілігі емес, жалпы күндік калория мөлшері маңызды. Қазіргі ғылыми зерттеулер тамақтану уақыты мен жиілігінің метаболизмге аса қатты әсер етпейтінін көрсетеді. Мәселе – сіз неше рет емес, не жегеніңізде және қанша калория тұтынғаныңызда.

«Зерттеулерде таңғы асты өткізіп жіберу метаболизмді бәсеңдетпейді, ал тығыз таңғы ас оны күшейтпейді» — National Institutes of Health (NIH) деректері негізінде.

Неліктен жиі тамақтану жұмыс істейтіндей көрінеді?

Бөлшектеп тамақтану үлгісінде адам әдетте тамақтану тәртібіне көбірек мән бере бастайды, зиянды өнімдерді қысқартады. Яғни нәтиже жиі тамақтанудың арқасында емес, тамақ сапасының жақсаруы мен жалпы тәртіпке келудің әсері.

Фото: justfood

Қашан және қалай тамақтанған дұрыс?

Уақыт маңызды ма?

Тағы бір кең таралған миф — кешкі сағат 6-дан кейінгі тағамдар міндетті түрде майға айналады. Шын мәнінде, тағам қабылдау уақытының өзі артық салмаққа немесе арықтауға шешуші әсер етпейді. Бастысы — калория балансы.

Бұлшықет массасын жинау: 3 рет жеткілікті ме?

Ауыр атлетикамен және бодибилдингпен айналысатындар арасында жиі айтылатын пікір – бір тамақтану кезінде 30 грамнан артық ақуыз сіңбейді деген ұғым. Ғылым бұған келіспейді: ақуыз артық мөлшерде сіңірілмегенімен, денеге зиян тигізбейді. Шындығында, бір күндік калория мен макронутриенттер балансы маңыздырақ.

Бұлшықет өсіру үшін ер адамға күніне орташа есеппен 2 700–2 900 ккал тұтыну қажет. Мұны үш рет тамақтанумен жабу қиын болғандықтан, 5-6 ретке бөлінген тамақтану ұсынылады.

Арықтағысы келетіндерге қанша рет тамақтану керек?

Егер мақсатыңыз — артық салмақтан арылу болса, күндік калория 1 800–2 000 ккал шамасында болуы тиіс. Бұл көлемді күніне үш рет тамақтанып-ақ қабылдауға болады:

  • Бір реттік тағам: 600–700 ккал
  • Белок: 30 г
  • Көмірсу: 70–80 г (төмен гликемиялық индексі бар күрделі көмірсулар)
  • Май: 20–25 г
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір