Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы уақытта салмағын тоғыз килограмға азайтқанын айтып, денсаулығына қатысты пікірлерге түсінік берді.
Сұхбат барысында Мемлекет басшысынан денсаулық жағдайына байланысты түрлі қауесет пен қоғамдағы талқылаулар жөнінде пікір сұралған. Президенттің айтуынша, қазіргі кезде өзін жақсы сезінеді.
«Денсаулығыма шағым жоқ, қан қысымым тұрақты түрде қалыпты деңгейде. Күн сайын йогамен айналысуға дағдыландым, бірақ медитациясыз. Аптасына екі рет бұрын кәсіби деңгейде ойнаған адаммен үстел теннисын ойнаймын. Шынында да 9 келі салмақ тастадым, бұл өзімді әлдеқайда жақсы сезінуге көмектесті», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент сұхбатта ТМД елдері басшыларының арасында спортқа жақын әріптестері бар екенін де атап өтті. Оның сөзінше:
Президенттің түйіні қысқа болды: әріптестерінің барлығы дерлік жақсы спорттық қалыпта.