Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Ақтөбенің" Қобыланды батыр атындағы стадионға қашан оралатыны белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
11.04.2025, 16:41

"Ақтөбе" футбол клубы өзінің тарихи ордасы — Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионға сәуір айының соңында қайта оралады.

forumprosport.ru
forumprosport.ru

Жоспар бойынша алғашқы ойын 26 сәуір күні өтеді. Бұл күні ҚПЛ-2026 маусымындағы кезекті турда “Ақтөбе” мен “Ұлытау” командалары шеберлік байқасады.

Қазір стадиондағы шөп жамылғысы қалпына келе бастады. Бірақ толық дайындық үшін әлі де рекреациялық жұмыстар жүргізілуі тиіс. Кешен ОСДЮСШОР-дың балансында болғандықтан олармен бірлесе отырып, клуб алдағы екі апта ішінде алаңды матч өткізуге дайындауды жоспарлап отыр.

“Осы мерзімге дейін шөп біраз көгеріп, нығаяды деп күтілуде. Содан соң алаң толық дайындалып, ресми ойын қабылдай алатын күйге келеді”, — деп хабарлайды дереккөз.

“Ақтөбе” клубы үшін өз алаңында ойнау — үлкен артықшылық. Толы стадион, шынайы қолдау және комбинациялық ойын мәнері командаға ерекше сенімділік береді. Осы себепті үйге оралу клубтың маусымдағы нәтижесіне оң әсер етуі мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір