Милич Чурчич — ҚПЛ клубының бас бапкері атанды
Сербиялық маман Милич Чурчич ресми түрде Петропавлдың "Қызылжар" клубының тізгінін ұстады.
Спорттық ақпарат көздері, яғни "Серый CARDINAL" телеграм-арнасы таратқан дерекке сүйенсек, Чурчич кубоктық матчта командаға жетекшілік етпейді. Алайда келесі аптада ресми түрде таныстырылып, жаттығу жұмыстарына кіріседі.
Бұл өзгеріс — маусымды сәтсіз бастаған команда үшін маңызды қадам. Қазір "Қызылжар" төрт турдан кейін небәрі екі ұпай жинап, турнирлік кестеде 11-орында тұр.
Милич Чурчич — Қазақстан футбол жанкүйерлеріне "Атырау" мен "Тобылдағы" жұмысы арқылы жақсы таныс. Ол Қостанай клубымен бірге ел кубогын және Суперкубокты жеңіп алған тәжірибелі маман.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.