Арсен Венгер Қазақстандық футбол жобасын жоғары бағалады

Сарапшы, спорт журналисі

FIFA сарапшысы Стюарт Холл мен Арсен Венгер Касабланкада кездесті. 

Арсен Венгер Қазақстандық футбол жобасын жоғары бағалады
kff.kz

Мороккодағы Касабланка қаласында өткен FIFA High Performance конференциясы аясында Қазақстан U-16 құрамасының Ұлттық академиясымен жұмыс істеп жатқан FIFA техникалық кеңесшісі Стюарт Холл футбол әлеміндегі беделді тұлға – FIFA-ның жаһандық футболды дамыту департаментінің жетекшісі Арсен Венгермен кездесті.

Бұл кездесуде Стюарт Холл FIFA Talent Development Scheme бағдарламасы аясында құрылған Қазақстан U-16 құрамасының Ұлттық академиясының жартыжылдық нәтижелерімен таныстырып, алдағы жоспарлар туралы да бөлісті.

Франциялық маман Арсен Венгер Қазақстандағы футбол жобасының даму деңгейіне жоғары баға беріп, жас ойыншыларға үлкен сенім артатынын жеткізді. Ол ұлттық академия тәрбиеленушілеріне сәттілік пен табыс тіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір