Абат Айымбетовтың клубы жанкүйерлерді жерге қаратты (ВИДЕО)
"Адана Демирспор" ауыр жеңіліске ұшырады.
Түркия чемпионатының 31-турындағы "Эюпспор" мен "Адана Демирспор" арасындағы матчта алаң иелері қарсыласын ойсырата жеңді.
Матч басталысымен-ақ «Эюпспор» қарсыласын жаншып өтті. Есеп 6:0 болып тіркелді.
Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов бұл кездесуді қосалқы құрамда бастады. Ол алаңға екінші таймда, яғни 46-минутта шықты. Дегенмен оның алаңдағы ойыны командасының жағдайын өзгерте алмады.
Осы ірі жеңістен кейін "Эюпспор" 50 ұпай жинап, төртінші орынға көтерілді. Ал "Адана Демирспор" жағдайы мүлдем мүшкіл. Команда минус екі ұпаймен көш соңында тұр.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.