"Атырау" құрамына үш дүркін ел чемпионы қосылды
"Атырау" футбол клубы 25 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Сұлтан Сағынаевты қатарға қосқанын ресми түрде мәлімдеді.
instagram/@fc_atyrau
Сұлтан Сағынаев — Алматы қаласының тумасы, “Астана” футбол мектебінің түлегі. Елордалық клубпен Қазақстан чемпионатын үш рет және Кубокты бір мәрте жеңіп алған. Сонымен қатар жастар құрамасында өнер көрсетіп, УЕФА жасөспірімдер лигасында 3 голмен көзге түскен.
"Астана" сапында болған жылдары Сағынаев бірнеше клубта арендалық негізде ойнады:
- “Ертіс”
- “Ақсу”
- “Каспий”
- “Мақтаарал”
- “SD Family” (Астана)
Жалпы кәсіби деңгейде 87 матч өткізіп, 6 гол соққан.
Айта кетейік, бұған дейін “Атырау” клубына жаңа бас бапкер келген еді. Команда тізгінін Қуаныш Қабдолов ұстады. Ол Константин Горовенконың орнына келді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet