Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Чемпиондар Лигасының форматы тағы өзгеріске ұшырайды

Редактор Penalty.kz
25.04.2025, 03:06

30 мамырда УЕФА Чемпиондар Лигасына қатысты үш маңызды өзгерісті талқыламақ. Бұл бастамалар келесі маусымға арналады. 

sportbox.ru
sportbox.ru

1. Қосымша уақыттың жойылуы

Плей-офф кезеңінде матчтар тең аяқталған жағдайда бұрынғыдай қосымша 30 минут ойнатылмайды. Оның орнына командалар бірден пенальти сериясына көшеді. Бұл шешім ойын жүктемесін азайтып, матчтарды көрермендер үшін қарқындырақ етуге бағытталған.

2. Бір елдің командалары өзара кездеспейді

УЕФА плей-офф кезеңінде бір елдің өкілдері бір-бірімен 1/4 финалға дейін кездеспеуін қалайды. Бұл принцип бұрын қолданылып келген. Бірақ соңғы уақытта одан бас тартылған еді. Мысалы биылғы маусымда Францияның ПСЖ мен "Бресті" 1/16 финалда, ал Германияның "Бавариясы" мен "Байері" 1/8 финалда жолыққан болатын. Енді бұл қайталанбайды.

3. Алаң артықшылығы

Жаңа жүйеге сәйкес, топтық кезеңнен кейінгі жалпы рейтингте үздік сегіздікке енген командалар өз алаңында жауапты матчтарды өткізу құқығына ие болады. Бұл ереже ширек және жартылай финалдарға қатысты. Төмен рейтингтегі қарсыласымен салыстырғанда үздік команда үйде ойнау мүмкіндігіне ие болып, жанкүйер қолдауын сезінеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір