
Қазақстан Премьер-Лигасының алтыншы турында "Астана" атыраулықтарға қарсы маңызды жеңіске жетті.
"Астана" бірінші минутта есеп ашты. Усман Камараның пасын ұтымды пайдаланған Джеффри Чинеду мернендік танытты. Бірнеше минуттан соң Чинеду Нұрасыл Тоқтаровтың қателігін тиімді пайдаланып, дубль авторы атанды.
Екінші тайм басында елордалықтар шабуылды үдетіп, бірнеше қауіпті соққылар жасады. Бірақ "мұнайшылардың" ойыншысы Мейрам Сапанов есеп айырмасын қысқартып кетті. Ойын соңына дейін таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды.
"Астана" бұь жеңістен кейін 14 ұпай жинап, турнир кестесінде "Қайратпен" теңесті. Ал "Атырау" 3 ұпаймен көш соңында қалды.
ҚПЛ. 6-тур.
"Астана" — "Атырау" 2:1 (2:0)
Голдар: Чинеду 1 (1:0), Чинеду 45+1 (2:0), Сапанов 66 (2:1).