ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

"Ақтөбе" елордада жеңіске жетіп, көшбасшылар үштігіне енді (ВИДЕО)

Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 7-турында "Жеңіс" клубы "Ақтөбені" қабылдады.

Матчтың небәрі 10-минутында “Ақтөбе” шабуылшысы Оралхан Өміртаев қорғаушы Зураб Тевзадзенің қателігін пайдаланып, айып алаңы ішінен дәл соққы жасап есеп ашты.

Кейінгі минуттарда да басымдықты “Ақтөбе” уысынан шығарған жоқ. “Жеңіс” таразы басын теңестіруге тырысқанымен шабуылдар нәтижесіз болды. Ақыры — 1:0 есебімен “Ақтөбе” сырт алаңда үш ұпайға иелік етті.

Осы жеңістен кейін “Ақтөбенің” еншісінде — 16 ұпай. Олар қазір ҚПЛ кестесінде 3-орынға көтерілді. Ал “Жеңіс” 5 ұпаймен 10-орында қалып отыр.

“Жеңіс” (Астана) — “Ақтөбе” 0:1 (0:1)
Гол:
Өміртаев 10 (0:1). 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.