Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Құрамада жасарту неге жүрмей жатыр? Елдос Ахметов жауап берді

Сарапшы, спорт журналисі
04.05.2025, 13:25

Жуырда бас бапкердің көмекшісі Елдос Ахметов бұл процес әлі де жоспарлы түрде жүріп жатқанын айтып, жаңа есімдерге есік ашық екенін мәлімдеді.

Vesti.kz
Vesti.kz

Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Ханалыұлы бас бапкер ретіндегі алғашқы баспасөз мәслихатында ұлттық құраманы жасарту қажеттігін баса айтқан болатын. Алайда наурыздағы матчтарда команда сапына 16 жастағы Дастан Сәтпаев қосылғанына қарамастан, ұжымының орташа жасы 28-ден асады. 

Команда бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов бұл мәселе жайлы пікір білдірді:

"Иә, Әли Ханалыұлы жасартуды қолдайды. Бірақ біз бәрін бірден ауыстыра алмаймыз. 28 жас — бұл футболшы үшін шарықтау кезеңі. Әрине, бізде тәжірибелі ойыншылар да бар. Ал Сәтпаевқа келсек — ол әлі жас, оған біртіндеп мүмкіндік беру маңызды. Бізде бұл процес жоспарлы түрде жүріп жатыр", — деді ол.

Ахметов сондай-ақ, құрама сапына іріктеу критерийлеріне қатысты сұраққа да жауап берді:

"Бізде жабық тізім жоқ. Еуропа стандарттарын ұстануға тырысамыз. Клубтың атауына қарамаймыз. Мәселен, “Елімайдағы” Алмас Түлебай мен “Оқжетпестегі” Дәурен Жұмат — екеуі де бақылауымызда. Маусымдағы жиынға 25 үздік ойыншының тізіміне енуі әбден мүмкін. Қазір құрамаға жол ашық. Ең бастысы — деңгейге сай болу".

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір