Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Астана" басшылығы қаржылық жағдайға қатысты жаңа мәлімдеме жасады

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 06:23

Қазақстандық футболдағы жетекші клубтардың бірі — "Астана" соңғы күндері қаржылық қиындықтарға байланысты қызу талқыланып жатыр. Осыған байланысты клубтың бас директоры Қайсар Бекенов арнайы мәлімдеме жасап, бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ойыншыларға бес айлық жалақы берілмеді деген ақпаратты жоққа шығарды.

sputnik.kz
sputnik.kz

"Бес ай жалақысыз деген ақпарат шындыққа жанаспайды"

Бекенов "Nursultan Qurman" YouTube арнасына берген сұхбатында былай деп түсіндірді:

"Бес ай жалақы төленбеді деген ақпарат шындыққа сай емес. Егер біз футболшыларға үш айдан артық жалақы төлемесек, олар келісімшартты бұза алады. Қазір бәрі қаңтар мен ақпан айының жалақысын алды. Осы аптада немесе келесі аптада қалған мәселелер шешіледі деп ойлаймын. Бірақ бәрі бюрократиялық процестерге байланысты".

Бұл мәлімдеме клуб жанкүйерлері мен спорт сарапшылары арасында тараған алаңдаушылыққа жауап болды.

Бабаянның сөзі дүрбелең тудырды

Еске сала кетейік, КПЛ-дің 8-турындағы "Тобылға" қарсы матчтан кейінгі (1:3) баспасөз мәслихатында "Астана" клубының бас бапкері Григорий Бабаян командада қаржылық қиындықтардың бар екенін алғаш рет ашық айтқан. Осы мәлімдемеден кейін БАҚ беттерінде түрлі ақпараттар тарала бастады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір