"Ақтөбе" ел чемпионатында "Атырауды" 19:0 есебімен жеңді (ВИДЕО)
Қазақстан чемпионатындағы футбол мачтында тарихи есеп тіркелді.
19:0 – чемпионаттың ең ірі жеңістерінің бірі
Қазақстан әйелдер футбол лигасының 6-турында жанкүйерлер сенер-сенбесін білмейтін керемет нәтиже тіркелді: "Ақтөбе" командасы "Атырау" клубын 19:0 есебімен күйрете жеңді. Бұл кездесу әйелдер арасындағы чемпионат тарихындағы ең ірі жеңістердің біріне айналды.
Голдар шеруі: Литвиненко мен Жұмабайқызы покер жасады
"Ақтөбе" сапында бірнеше ойыншы мергендігімен көзге түсті:
- Алина Литвиненко мен Карина Жұмабайқызы — покер (төрт голдан);
- Наталья Нурмиева — хет-трик (үш гол);
- Аида Ғайстенова мен Екатерина Бабшук — дубль (екі голдан);
- Алёна Лимар, Анастасия Власова, Қазына Нұрбаева және Әсем Қаражанова — бір-бірден гол соқты.
Жанкүйерлер үшін бұл нағыз гол шоуына айналды.
Алты турдан кейін "Ақтөбе" турнирлік кестесінде екінші орынға көтерілді. Ал "Атырау" қыздары үшін бұл матч ауыр соққы болды – команда 11-орында қалды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.