Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

ҚФФ-да ауқымды ауыс-түйіс: Жаңа бапкерлер тағайындалды

Редактор Penalty.kz
21.05.2025, 15:48

ҚФФ ұлттық, жастар және әйелдер құрамаларына жаңа бапкерлерді тағайындап, 2026 жылы толыққанды даму стратегиясын таныстыруға уәде берді.

kff.kz
kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ұлттық және жасөспірімдер құрамаларына қатысты ауқымды құрылымдық өзгерістер мен жаңа кадрлық тағайындаулар туралы ресми түрде хабарлады. Бұл өзгерістер елімізде футболды жаңа даму кезеңіне көшіру аясында жүзеге асырылуда.

Жаңа кезеңге жаңа есімдер

ҚФФ-ның ресми мәліметінше, ұлттық, жастар және әйелдер құрамаларының жаттықтырушылар штабы жаңартылды. Тағайындалған мамандар тізімі төмендегідей:

  • Геннадий Скуртул — ҚФФ-ның техникалық директоры

  • Руслан Балтиев — Ұлттық құрамалар департаментінің директоры

  • Али Алиев — Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері

  • Денис Мамонов — 21 жасқа дейінгі жастар құрамасының аға жаттықтырушысы (U-21)

  • Кирилл Кекер — 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы (U-19)

  • Бауыржан Сағындық — 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы (U-17)

  • Мадияр Кембілов — Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы

  • Жанна Мальгаждарова — 19 жасқа дейінгі қыздар құрамасының аға жаттықтырушысы (U-19)

  • Юлия Мамонова — 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасының аға жаттықтырушысы (U-17)

Жаңа стратегия – 2026 жылы

ҚФФ мәлімдемесінде атап өтілгендей, 2026 жылдың басында футболды техникалық дамытуға арналған жаңа ұлттық стратегия таныстырылмақ. Бұл құжат ерлер, әйелдер, жасөспірімдер және жастар футболын толық қамтитын кешенді бағдарлама болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір