Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Финал алдындағы дүрбелең! Жанкүйерлер жаппай бүлік шығарды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
21.05.2025, 19:29

Бүгін Еуропа лигасының финалы аясында "Манчестер Юнайтед" пен "Тоттенхэм" командалары Бильбаода кездесу өткізеді. 

rbc.ru
rbc.ru

Бүгін Испанияның Бильбао қаласында Еуропа лигасының финалы өтеді. Алайда маңызды матчтың қарсаңында ағылшын клубтарының жанкүйерлері — "Манчестер Юнайтед" пен "Тоттенхэм" фанаттары — қалада жаппай төбелес ұйымдастырып, әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді.

Бір түндік хаос

The Sun-ның мәліметінше, Бильбаоға шамамен 70 мың ағылшын жанкүйері жиналған. Бірақ матч басталмай жатып көшеге жиналған олар тәртіпсіздікке бой алдырып, кейін төбелесіп тынған. 

"Куәгерлердің айтуынша, фанаттар тобы өзара айғай-шу мен ұрандар арқылы бірін-бірі арандатып, арты қолда бар заттарды бір-біріне лақтырумен аяқталған," – деп жазады The Sun.

Әлеуметтік желідегі реакция

"Манчестер Юнайтед" жанкүйерлерінің шабуыл сәттері түсірілген видеолар TikTok, Twitter және Instagram желілерінде кең тарап кетті. Қала полициясы жедел әрекет етіп, жағдайды бақылауға алғанын хабарлады.

Желі қолданушыларының реакциясы әр түрлі:

«Бұл финал өтеауыр болады...»

«Құдайым-ау, бұл адамдар не істеп жатыр? Басқа елге барып, осылай масқара болу не сұмдық?»

«Юнайтед» жанкүйерлері жеңіс үшін бәріне дайын сияқты...»

Бұл финал не үшін маңызды?

Бұл финал "Манчестер Юнайтед" пен "Тоттенхэм" үшін маусымды құтқарудың соңғы мүмкіндігі. Екі клуб та Англия Премьер-Лигасының төменгі бөлігінде (16 және 17-орындар) орналасқан. Командалар Англия Кубогында айтарлықтай жетістікке жете алмады. 

Еуропа лигасының жеңімпазы 2025/2026 жылғы Чемпиондар лигасына жолдама алады. Сондықтан матч тек трофей үшін емес, келесі маусымдағы Еурокубок үшін де шешуші сәт болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір