Абдукодир Хусанов үйленбек – Ташкентте арнайы кеш өтті (ВИДЕО)
Ағылшынның "Манчестер Сити" клубы мен Өзбекстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусановтың жеке өміріне қатысты жағымды жаңалық тарады. Жас футболшы жуырда үйленбек.
instagram/@abdukodir_khusanov_
Ташкентте “званый ужин” өтті
27 мамыр күні Ташкенттегі элиталы банкет залдарының бірі – “Версальда” салтанатты кешкі ас ұйымдастырылған. Kursiv Uzbekistan тілшісіне жақын дереккөз хабарлағандай, бұл кеш Абдуқодир Хусановтың үйленуіне орай өткен.
Алайда әзірге неке қию рәсімі қайда және қашан өтетіні туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Футбол әлемі мен жұлдыздар жиналды
Кешке Өзбекстан футбол қауымдастығының өкілдері, елдегі спорт және шоу-бизнес жұлдыздары қатысты. Жас әрі болашағынан зор үміт күттіретін футболшының жеке өміріндегі бұл өзгеріс жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet