Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

35 миллион еуроға лайық па? "Ливерпульдің" жаңа трансфері жанкүйерлерді екіге бөлді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
31.05.2025, 04:33

Германияның "Байер" клубында өнер көрсеткен нидерландтық қорғаушы Джереми Фримпонг мерсисайдтықтар сапына қосылды. 

instagram/@liverpoolfc
instagram/@liverpoolfc

24 жастағы футболшы Англия чемпионымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпарат бойынша, трансфер құны 35 миллион еуроға тең. Айта кетейік, Transfermarkt порталы Фримпонгтың нарықтық бағасын 50 миллион еуро деп бағалаған.

Келісімшартқа қол қойылған соң қорғаушы өз әсерін айтып берді: 

"Барлығы өте жеңіл өтті. "Ливерпуль" маған қызығушылық танытқанын айтқан сәтте, шешімім анық болды. Агенттеріме тек: "Болды, келісімді аяқтаңдар" дедім. "Ливерпуль" жанкүйерлеріне уәде беремін — мен барымды саламын. Энергиямды, күшімді осы клубқа арнаймын. Біз жеңістерге бірге жетеміз деп сенемін. Осында келгеніме қуаныштымын", — деді Фримпонг.

2024/25 маусымындағы көрсеткіштері

Фримпонг өткен маусымда "Байер" сапында 48 матч өткізген. 5 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді. Бұл — қорғаушы үшін өте жоғары көрсеткіш.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір