Корольдік клуб Аргентинада өнер көрсетіп жүрген жас футболшы Франко Мастантуононы өз құрамына қосудың соңғы кезеңінде.
Мадридтік клуб 17 жастағы орталық жартылай қорғаушыға 45 миллион еуро төлеуге келісім берді. Бұл трансфер үшін "Реал" Францияның "ПСЖ" клубымен бәсекеге түсіп, ақыры жеңіске жеткен.
"Сату рәсімі аяқталды, енді тек кейбір техникалық мәліметтерді нақтылау қалды", – дейді "Ривер Плейт" клубының өкілі.
Франко Мастантуононың қазіргі келісімшарты 2026 жылдың соңына дейін жалғасады. Transfermarkt порталы жас футболшыны 30 миллион еуроға бағалап отыр. Ол Аргентинаның "Ривер Плейт" клубында 61 матч өткізді. 10 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.
Ағымдағы маусымда Мастантуоно 19 кездесуге қатысып, 7 гол және 4 ассист жасап үлгерді. Бұл көрсеткіштер оны Оңтүстік Американың ең жарқын жас ойыншыларының біріне айналдырып отыр.