Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

47 млн еуролық трансферге бойкот: "Челси" жанкүйерлері Сәтпаевты таңдады

Редактор Penalty.kz
09.06.2025, 16:22

Лондондық "Челси" Дастан Сәтпаевпен келісімшартқа қол қойғаннан кейін жанкүйерлер өзге жас ойыншыларға қыруар ақша төлеуге қарсы наразылық білдіріп жатыр.

фото ашық дереккөздерден алынды
фото ашық дереккөздерден алынды

Наразылықтың басты себебі — Костулас трансфері

Ағылшындық жанкүйерлер клубтың 18 жастағы грек шабуылшысы Хараламбос Костуласпен келіссөз жүргізіп жатқанына ашулы. Inside ақпарат көздері, оның ішінде Флориан Плеттенбергтің мәліметінше, “Брайтон” Костуласты 47 миллион еуроға сатып алуға жақын, “Челси” де бұл трансферге қызығушылық танытқан.

Бірақ “ақсүйектер” фанаттарының пікірінше, болашақ жұлдыз оларда бар — ол Дастан Сәтпаев.

Сәтпаев — тиімді әрі үміт күттіретін талант

Жанкүйерлер әлеуметтік желілерде:

“18 жастағы шабуылшы үшін 47 миллион еуро? Бұл — біз үшін емес. Дастан Сәтпаев екі жылдың ішінде одан да мықты болып кетуі мүмкін”, — деп жазды клубтың ірі фанаттық қауымдастығы X платформасында.

Дастанның келісімі мен статистикасы

“Челси” ақпанс айында “Қайраттың” шабуылшысы Дастан Сәтпаевпен ресми келісімшарт жасасты. Ол клубқа 2026 жылдың жазында, 18 жасқа толған соң қосылады. Ал әзірге Алматының негізгі командасында өнер көрсетуді жалғастырады.

Биылғы маусымдағы көрсеткіштері:

  • ҚПЛ-де 12 ойын
  • 8 гол
  • Бомбардирлер көшін жеке өзі бастап тұр

Салыстыру үшін Костулас Грекия чемпионатында 21 матчта 6 гол соққан.

Сарапшылар не дейді?

Танымал комментатор Олжас Байбосынов 16 жастағы Сәтпаев туралы:

“Ол — тек техникалық жағынан емес, ойын мәнері мен менталитеті жағынан да еуропалық деңгейге жақын шабуылшы”, — деп пікір білдірген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір