Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ертісте" басшылық ауысты: клубтағы өзгерістер туралы не белгілі?

Редактор Penalty.kz
12.06.2025, 12:35

Павлодарлық "Ертіс" футбол клубының басшылық құрамында ауыс-түйістер болды. 

фото ашық дереккөздерден алынды
фото ашық дереккөздерден алынды

Басшылық отставкаға кетті ме?

“Серый CARDINAL” Telegram-арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, клубтың бұрынғы басшылығы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың шешімімен қызметінен шеттетілген немесе басқарудан алшақтатылған. Бұл өзгерістер команданың соңғы уақытта тұрақсыз ойын көрсетуіне және бапкерлік құрамдағы жиі ауыс-түйіске байланысты болуы мүмкін.

Негізгі себеп – “Ертістің” Премьер-лигаға шығуы күмән туғыза бастады. Қазір павлодарлықтар турнирлік кестеде екінші орында тұр. Жеңіліс көрмесе де “Каспийден” үш ұпайға қалып отыр. Сонымен қатар “Шахтер” мен өскемендік “Алтай” клубтары өкшелеп келеді.

Жаңа спорт жетекшісі – Данияр “Дони” Шадиев

Спорттық бағыттағы жұмысқа Данияр “Дони” Шадиев жетекшілік етпек. Ол бұған дейін “Тұран” клубының табысты бастамасында көзге түскен. Енді “Ертісте” спорттық бөлімнің жетекшісі немесе сол маңдағы маңызды лауазымдардың бірін иеленуі мүмкін.

Клубтағы жағдай қалай өрбиді?

“Ертістің” басты мақсаты – ел чемпионатының жоғары дивизионына оралу. Бірақ маусымның шешуші кезеңіне аяқ басқан тұста мұндай кадрлық өзгерістер команданың ішкі ахуалына қалай әсер ететіні белгісіз. Жанкүйерлер мен сарапшылар жаңа менеджменттің алға қойған міндеттерді орындай алатынына үміт артып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір