ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

Дастан Сәтпаев гол соғуды қойып, қақпаға тұрды (ВИДЕО)

Қазақстан құрамасы мен "Қайраттың" жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев күтпеген рөлде көзге түсті — ол клуб жаттығуында қақпашы болып өнер көрсетті.

Дастан Сәтпаев гол соғуды қойып, қақпаға тұрды (ВИДЕО)
sports.kz

Сәтпаев – шабуылшы ма, әлде қақпашы ма?

Алматылық клубтың Instagram парақшасында жарияланған видео мен жазба жанкүйерлер арасында қызу талқыға түсті:

“Бомбардир ме? Иә. Қақпашы? Мүмкін…

Дастан Сәтпаев жаттығу кезінде қақпашының қолғаптарын киді”, – делінген жазбада.

Жас шабуылшыны қақпа алдында көру — көпшілік үшін күтпеген жайт болды. Бұл сәт жаттығу барысындағы тәжірибе ретінде түсіндірілді.

16 жастағы бомбардир: Премьер-Лиганың үздігі

Дастан Сәтпаев — Қазақстан Премьер-Лигасындағы ең нәтижелі ойыншы. Ол 12 матчта 8 гол соғып, бомбардирлер рейтингінде көш бастап тұр.

Жас мөлшері небәрі 16 болса да, қазір Дастан Қазақстан ұлттық құрамасының маңызды ойыншыларының бірі. Ол ел намысын қорғаған үш ресми матчқа қатысып үлгерді.

Бұл туралы не ойлайсыз?