Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"3:0 деп мұрнын шүйірді": Абдукодир Хусановтың әрекеті жанкүйерлердің ашуына тиді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
14.06.2025, 11:00

Өзбекстан құрамасының және ағылшындық "Манчестер Сити" клубының қорғаушысы Абдукодир Хусанов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта катарлық жанкүйерлердің сынына ұшырады. 

Таблодағы есепті көрсетіп, қарсыласты ашуландырды

Ташкентте өткен Өзбекстан – Катар кездесуінде Хусанов матч барысында катарлық ойыншыларға таблодағы 3:0 есебін ыммен көрсетіп, ашуға тиген. Бұл әрекет катарлық жанкүйерлердің наразылығын туғызды.

Осы сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, түрлі пікірлерге себеп болды.

Өзбекстан құрамасы сенімді жеңіске жетті

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы матчта өзбекстандықтар Катарды 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, қарсыласына еш мүмкіндік бермеді.

Айта кету керек, бұл ойынның нәтижесі турнирлік кестеге әсер еткен жоқ. Себебі 5 маусымда Өзбекстан құрамасы БАӘ-мен сырт алаңда 0:0 есебімен тең түсіп, 18 ұпаймен әлем чемпионатына мерзімінен бұрын жолдама алған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір