Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жозе Моуринью Түркияда жұлдызды команда жасақтап жатыр

Редактор Penalty.kz
15.06.2025, 03:01

Жозе Моуринью "Фенербахче" клубында жаңа дәуірді бастады. Танымал португалиялық бапкер Неймар, Кайл Уокер және Сон Хын Мин сияқты жұлдыздарды командаға тартуға ниетті.

idman.biz
idman.biz

Неймар Еуропаға қайта оралуы мүмкін

33 жастағы бразилиялық вингер Неймар қазір өз елінде — "Сантос" клубында өнер көрсетіп жүр. Дегенмен Еуропаға қайта оралуы ықтимал. Түркиялық Fanatik басылымы және журналист Ягыз Сабунджуоғлуның мәліметінше, "Фенербахче" Неймарға бір жылдық келісімшарт ұсынып, оны бір маусымға командаға шақырып отыр. Шартта ұзартуға мүмкіндік қарастырылған.

Неймар "Сантос" сапында. ФОТО: sportbox.ru

Неймардың "Сантоспен" келісімшартында еуропалық клубқа тегін кетуге мүмкіндік беретін арнайы бап бар. Ағымдағы маусымда ол 14 ойында 3 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. "Сантос" жұлдызын сақтап қалғысы келгенімен Моуриньюдің жаңа жобасы Неймар үшін қызықты нұсқа болып тұр.

Кайл Уокер — қорғанысты нығайтатын тәжірибелі ойыншы

"Фенербахченың" назарында тағы бір жұлдыз 35 жастағы ағылшын қорғаушы Кайл Уокер бар. Соңғы маусымды "Милан" сапында жалға ойнаумен өткізген футболшы "Манчестер Ситимен" 2026 жылдың жазына дейін келісімшартқа ие. Алайда түркиялық ұжым ойыншыға ресми ұсыныс жасаған.

Кайл Уокер. ФОТО: ria.ru

Уокер екі жылдық келісімшарт күтуде, ал оның қазіргі нарықтағы бағасы — шамамен 6 миллион еуро. Бұдан бөлек ағылшын қорғаушысы "Сити" клубының клубтық әлем чемпионатына арналған тізіміне енбеген. Бұл оның командадан кету ықтималдығын арттырып отыр.

Сон Хын Мин де Моуринью жобасының бір бөлігі болуы мүмкін

Моуриньюдің "Тоттенхэмде" бірге жұмыс істеген шабуылшысы Сон Хын Мин да Түркияға келуі мүмкін. Португалиялық бапкер кореялық жұлдыздың талантына жоғары баға береді.

Сон Хын Мин. ФОТО: championat.com

Оның қазіргі келісімшарты 2026 жылдың маусымына дейін жалғасқанымен "Фенербахче" жағдайды пайдаланып, ойыншыны сатып алуға ниетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір