
Оның пікірінше, егер жарақаттар болмағанда, Роналдо Назарио футбол тарихындағы ең үздік ойыншы болар еді.
Мадридтік «Реалдың» экс-жартылай қорғаушысы Гути футбол тарихындағы ең ұлы есімдерді еске алып, жарақаттар болмағанда кімнің шын мәнінде №1 болатынын айтты.
Испаниялық бұрынғы футболшы, мадридтік «Реалдың» аңызы Гути мансабында бірге ойнаған ең үздік ойыншыны атады. Оның пікірінше, егер жарақаттар болмағанда, Роналдо Назарио қазіргі жұлдыздардың бәрінен де озып түсер еді.
«Роналдо – мен ойнаған ең үздік футболшы. Егер жарақаттар болмағанда, ол бәрінен үздік болар еді. Тіпті Месси мен Криштиануды да басып озар еді», – деді Гути.
Роналдо Луис Назарио де Лима, яғни Зубастик, екі мәрте «Алтын доп» иегері атанған. Оның клубтық мансабында:
Ал Бразилия құрамасы сапында:
Жанкүйерлер оны шапшаңдығы, техникалық шеберлігі мен шабуылдағы жарқын стилі үшін жақсы көрді. Бірақ ауыр жарақаттар оның мансабына кедергі келтіріп, потенциалын толық ашуына мүмкіндік бермеді.
Айта кетейік, бұған дейін Роналдо өзі жасаған тарихтағы үздік 11 ойыншы тізімінде бірде-бір қорғаушыны қоспаған. Бұл да оның шабуылға басымдық беретін ойын мәнерін көрсетсе керек.