Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстанда футболдың дамуына кім кедергі? Шенеуніктер ме?

Редактор Penalty.kz
15.06.2025, 23:24

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында жаңа салынған стадиондарға табиғи емес, жасанды газон төселіп жатқаны көптің көкейінде сұрақ тудырды.

kff.kz
kff.kz

Оңтүстік өңірлердегі жаңа стадиондарда неге табиғи емес, жасанды газон төселіп жатыр? Бұл шешімді кім қабылдайды және Қазақстан футбол федерациясының мүмкіндігі қандай? Осы сұрақтардың жауабы туралы Offside.kz жазды.  

Жасанды газон – мәжбүрлік пе?

Қазақстан футбол федерациясының өкілі Ержан Мұсабековтың айтуынша, ҚФФ өңірлік стадиондарға табиғи газон төсеуге міндеттей алмайды, тек ұсыныс білдіре алады.

«Біз де Қызылордадағы стадион секілді ареналарда табиғи газон болуын қаладық. Бірақ, өкінішке қарай, тапсырыс беруші тараптар өздері үшін тиімді деп жасанды газонды таңдады», – деді Мұсабеков Offside.kz сайтына берген пікірінде.

Соңғы сөз – әкімдіктер мен спорт басқармаларында

ҚФФ өкілінің айтуынша, стадион салу немесе жаңарту жұмыстарын ұйымдастыратын — жергілікті атқарушы органдар, яғни әкімдіктер мен спорт басқармалары:

«Олар мұны ұзақмерзімді әрі тиімді шешім деп санайды. Біз бірнеше рет ресми хат жолдадық. Әсіресе, оңтүстік өңірлерде табиғи газон болуын сұрадық. Бірақ тапсырыс берушілер өз шешімдерінен айнымады».

ҚФФ тек ұсыныс жасай алады

Техникалық жағынан да, заңды тұрғыдан да федерация мұндай шешімдерге тікелей араласа алмайды.

«ФИФА сертификатталған жасанды газонда халықаралық матчтар өткізуге рұқсат береді. Тапсырыс берушілер дәл осы ережеге сүйеніп, шешімді өздері қабылдайды», – дейді Мұсабеков.

Федерация тек рекомендациялық сипаттағы ұсыныс бере алады. Ал нақты талап ету мүмкіндігі тек халықаралық деңгейдегі стадиондар салынғанда ғана туындайды.

Президент футбол инфрақұрылымына ерекше назар аударды

Айта кетейік, 2025 жылғы наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев IV Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде футболды дамыту және инфрақұрылымды жақсарту мәселесін көтерген болатын:

«Бүкіл ел бойынша футболдың дамуына ерекше назар аудару қажет. Көптеген облыстық стадиондарды қайта жаңарту немесе жаңа футбол ареналарын салуды бастау керек. Әрбір аудан орталығында, ауыл мен кентте балаларға арналған футбол алаңдары болуы тиіс. Бұл – алдағы екі жылдағы нақты міндет. Орындауын тексереміз», – деген еді Президент Бурабайдағы құрылтайда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір