Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Чемпиондар лигасының жеңімпазы әлемдік титулға қадам басты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
16.06.2025, 08:57

Клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында "ПСЖ" клубы "Атлетико Мадридты" ойсырай жеңді.

Ойынның басты сәттері: Руистен бастап Ли Кан Инге дейін

Кездесу аса жоғары қарқынмен басталып, 19-минутта Фабиан Руис "ПСЖ"-ны алға шығарды. Бірінші таймның қосымша уақытында (45+1) Витинья тағы бір дәл соққымен есепті еселеді.

Үзілістен кейін мадридіктер қарсылық көрсетуге тырысқанымен 87-минутта Сенни Маюлу және 97-минутта пенальтиден Ли Кан Ин соққан голдар париждіктердің толық үстемдігін көрсетті.

"ПСЖ" – турнирдің басты фавориті

Аталған топта "ПСЖ" мен "Атлетикодан" бөлек, АҚШ-тың "Сиэтл Саундерс" және Бразилияның "Ботафого" клубтары да бақ сынайды. Сарапшылардың айтуынша, париждіктер турнирдің басты фавориті болып есептеледі. Бұл пікірді жуырдағы жетістіктер де қуаттай түседі. Екі апта бұрын Луис Энрикенің шәкірттері Чемпиондар лигасының финалында "Интерді" 5:0 есебімен ойсырата тізе бүктірген. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір