
2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін футболдан әлем чемпионатында рекордтық 896 миллион долларлық жүлде қоры бөлінбек. Осы додада алғаш рет Орталық Азиядан Өзбекстан құрамасы бақ сынайды.
2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін футболдан әлем чемпионаты тарихтағы ең ауқымды және ең табысты турнир болмақ. Ұйымдастырушылар жалпы жүлде қорын 896 миллион долларға дейін ұлғайтты. Бұл бұрын-соңды болмаған рекорд.
Өзбекстан құрамасы тарихында алғаш рет футболдан әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл — ел футболының жаңа дәуірі мен жанкүйерлердің көптен күткен арманы.
Kun.uz басылымы елдің турнирге қатысуынан түсетін қаржылық табысқа назар аударды.
2022 жылы Қатарда өткен әлем чемпионатында жалпы жүлде қоры 440 миллион долларды құрады. Сол кезде әрбір кезең үшін мынадай қаржылар бөлінген:
Сонымен қатар әрбір құрамға 1,5 млн доллар дайындық шығындары үшін бөлінді.
FIFA өз ойыншыларын ұлттық құрамаларға жіберген клубтарға да өтемақы төлейді. 2022 жылы бұл мақсатта 209 миллион доллар бөлініп, 400-ден астам клубқа үлестірілді.
Болжам бойынша:
Қосымша:
2026 жылы тұңғыш рет әлем чемпионатына 48 команда қатысады. Олар 12 топқа бөлініп, плей-офф кезеңіне 32 құрама өтеді.
Өзбекстан FIFA рейтингінде 55-орында. Бұл — олар 3 немесе 4-себетке түседі деген сөз. Демек, олардың тобына міндетті түрде бір еуропалық және бір басқа континенттің командасы түседі.
2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.