ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Рамазан Оразовтың әйелі Даниядағы жалақысын айтып берді

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы, қазір Данияның "Силькеборг" клубында доп тебетін Рамазан Оразовтың жұбайы Расима Еуропадағы тұрмыс пен жалақы жайлы айтты. 

Рамазан Оразовтың әйелі Даниядағы жалақысын айтып берді
instagram/@ramazanorazov

Еуропадағы өмір қалай? 

Ол "BorodAbata" YouTube-арнасына берген сұхбатында Даниядағы табыстың Қазақстандағы ұсыныстардан төмен болғанымен өмір сүру сапасы мен орташа еңбекақының әлдеқайда жоғары екенін айтты.

"Әрине, Данияда Рамазанның жалақысы Қазақстандағы кей клубтар ұсынатын сомадан төмен. Бірақ бұл – Еуропа. Мұнда орташа жалақы әлдеқайда жоғары. Сондықтан өзімізді ештеңеден шектеп жүргеніміз жоқ", — деді Расима. 

Жалпы Дания әл-ауқат индексі бойынша Еуропада алдыңғы қатарда. Бұл футболшы отбасылары үшін қосымша комфорт береді.

Оразовтың Даниядағы көрсеткіштері

Рамазан Оразов 2024 жылы жазда "Ақтөбеден" "Силькеборгке" ауысқан. Дания Суперлигасында 24 матч өткізіп, 3 гол соқты. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.