Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Бекхэмнің жасырын операциясы: Бұл туралы ешкім білген жоқ!

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 14:00

Британдық The Sun басылымы хабарлауынша, футбол әлемінің ең танымал жұлдыздарының бірі, "Интер Майами"» клубының иесі Дэвид Бекхэм 22 жыл бойы ауырсынуды елемей жүрген жарақатына ақыры операция жасатты.  

AP Photo/Markus Schreiber
AP Photo/Markus Schreiber

2003 жылдың мамыр айында Англия құрама сапында Оңтүстік Африка арасындағы жолдастық матчта Бекхэм білегін сындырып алған. Алайда сол кездегі емдеу нәтижесінде орнатылған арнайы бұранда уақыт өте келе еріп кетуі тиіс болған. Бірақ ол сүйекте қалып, білекке өсіп кеткен. Осы себепті Дэвид жылдар бойы ауырсынуды бастан кешірген. Енді сол бұранданы алып тастау үшін операция жасалды.

"Мен соңғы кезде өзімді қатты ауырсыну сезіне бастадым. Ақыры дәрігерлерге баруға тура келді," – деп мойындаған Бекхэм бір сұхбатында.

Жасырын операция: Викторияның қолдауы

Жақында жасалған операция сәтті өтті.

Ауруханадан жары Виктория Бекхэм Instagram парақшасында отадан кейінгі суретін жариялап, жазба қалдырды: "Әкесі, тезірек сауығып кет!"

Скриншот: instagram.com/victoriabeckham/

"Менің денем – өткеннің картасы"

Футболшы соңғы сұхбаттарының бірінде спорттық мансабынан кейін қалған жарақаттар туралы ашық айтты.

Дэвид:  "денемде әлі де футбол іздері қалғанын" айтып, мысал ретінде «Реал Мадрид» клубымен соңғы ойынында үш рет кортизон ектіргенін еске түсірді. "Онсыз алаңға шығу мүмкін болмас еді," – деді ол.

Сондай-ақ “Лос-Анджелес Гэлакси” клубында ойнаған кезінде омыртқасын сындырып алғанын айтып өтті:

"Бұл – ең ауыр сәт болды. Ауырсыну — сөзбен жеткізу мүмкін емес еді," – деп еске алады Бекхэм.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір