ҚПЛ-дегі сенсациялық клуб бас бапкерсіз қалды
ҚПЛ-да биыл сенсациялық нәтиже көрсетіп жүрген көкшетаулық клуб бас бапкер Андрей Ферапонтовтың қызметінен кеткенін жария етті.
instagram/@fcokzhetpes
Отставкаға отбасылық жағдай себеп болды
Клубтың Instagram парақшасында жарияланған мәлімдемеде:
“Қатты өкінішпен хабарлаймыз: отбасылық жағдайға байланысты бас бапкеріміз Андрей Ферапонтов клубтан кетуге шешім қабылдады”, – делінген.
“Оқжетпестің” сенсациялық маусымы
Былтырғы маусымды Бірінші лигада өткізген “Оқжетпес” биыл ҚПЛ-ге оралып, көпшілікті таңғалдырған нәтижелер көрсетіп келеді.
14 тур қорытындысы бойынша:
- 21 ұпай
- 6-орын
- бірнеше тәжірибелі командалардан жоғары тұр
Ферапонтовтың жетекшілігімен команда қорғаныста сенімді, шабуылда ұтымды тактикамен ерекшеленді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet