Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ғалымжан Кенжебек "Елімай" сапында

Редактор Penalty.kz
03.07.2025, 17:20

Жас талант Семейге ауысып, тарихи клубтың қайта жандану жолындағы жаңа жобасына қосылды.

NUR.KZ
NUR.KZ

Қазақстандық жас футболшы Ғалымжан Кенжебек кәсіби мансабын Семейдің "Елімай" клубында жалғастырады. Бұл туралы команда клубтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады.

“Алашқа аты әйгілі жазушы Мұхтар Әуезов доп тепкен Семейге қош келдің!” — делінген клубтың жазбасында.

Жаңа клуб — жаңа белес

Футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс Кенжебек — Қазақстан футболының болашағынан үміт күттіретін дарынды ойыншылардың бірі. Ол орта алаңдағы шапшаңдығы мен пас беру шеберлігімен көзге түсіп жүрген ойыншы.

Бұған дейін қайда ойнады?

Ғалымжан Кенжебек өзінің кәсіби мансабын "Қайраттың" жастар құрамында бастаған.

22 жастағы футболшы өткен маусымды елордалық "Жеңіс" сапында бастады. Жазда Кипрдің екінші дивизионында өнер көрсететін «Акритас Хлоракас» клубына ауысты. Аталған командада отандасымыз 13 матч өткізіп, 4 гол соқты. Бір нәтижелі пас берді.

Бұдан бөлек, ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Словакияның “Кошице” клубында доп тепті. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір