
Футбол әлемі қара жамылып отырған шақта Криштиану Роналду да үнсіз қалмады. Ол "Ливерпульдің" шабуылшысы Диогу Жота мен "Пенафиел" ойыншысы Андре Силваның қазасына байланысты әлеуметтік желіде жан тебірентерлік жазба қалдырды.
Диогу Жота мен оның інісі Андре Силва Испанияда болған жол-көлік апатының салдарынан қаза тапты. Диогу небәрі 28 жаста, ал Андре – 25 жаста еді. Екеуі де Португалия футболының болашағы зор ойыншылары болатын.
Криштиану Роналду Instagram парақшасында жүректі ауыртар жазба жариялады:
“Бұған сену мүмкін емес... Жақында ғана ұлттық құрамада бірге болдық, жақында ғана сендер шаңырақ көтердіңдер... Отбасыларыңа, жұбайларыңа және балаларыңа қайғырып көңіл айтамын, оларға күш тілеймін. Сендердің рухтарың әрдайым жанында болады. Жаның жәннатта болсын, Диогу мен Андре. Біз сендерді қатты сағынамыз”.