
"Ливерпуль" шабуылшысы мен Португалия құрамасының ойыншысы 28 жасында өмірден өтті.
Футбол жанкүйерлері үшін ауыр хабар тарады. “Ливерпуль” және Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Диогу Жота жол-көлік апатынан қаза тапты. Қайғылы оқиға футболшының отанында, Португалияның Замора провинциясында болған. Бұл туралы испаниялық Marca басылымы хабарлады.
Ақпарат көздерінің мәліметінше, көлік ішінде Диогудың туған інісі де болған. Інісі Андре Силва Португалияның екінші дивизионы — Liga Portugal 2 — құрамында ойнаған «Пеньяфел» клубының футболшысы болған.
Бірнеше күн бұрын ғана Жота азаматтық жұбайы Руте Кардозумен ресми некеге тұрған еді.
Диогу Жота артында жары мен шамамен 7 айлық, 2 және 4 жастағы үш кішкентай баласы қалды.
2020 жылдан бері – “Ливерпуль”
Бұған дейін – “Вулверхэмптон”, “Порту”
Ұлттық құрамадағы жетістігі:
Португалия сапында 30-дан астам ойын
Еуропа мен әлем чемпионаттарында шешуші голдар авторы
2024/25 жылғы маусымда Жота 37 матчқа қатысып, 9 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Ол “Ливерпуль” шабуыл шебіндегі негізгі ойыншылардың бірі болып саналған.