Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

39 жастағы шабуылшы ауыр жарақатына қарамастан "алтын гол" соқты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
03.07.2025, 12:16

Колумбия чемпионатының финалы нағыз спорттық драмамен аяқталды. "Санта-Фе" мен "Индепендьенте Медельин" арасындағы шешуші кездесуде басты кейіпкер — ардагер шабуылшы Уго Родальега болды.

sovsport.ru
sovsport.ru

Футболдағы адам сенгісіз ерлік

Жанкүйерлер Родальеганы Англиядағы “Фулхэм” мен “Уиган”, сонымен бірге Түркия чемпионатындағы ойынымен жақсы таниды. Бірақ бұл жолы өз елінде, туған топырағында нағыз ержүректік көрсетті.

Матчтың 77-минутында есеп 1:1 болған сәтте Родальега ауыр жарақат алып, алаңнан шығуға бел буған еді. Бірақ әріптестері шабуылшыны қоршап алып, алаңда қалуын өтінді. Бірнеше ойыншы оған рух беріп, соңына дейін күресуге шақырды. Уго көзіне жас алып, райынан қайтып ойынды жалғастырды.

“Алтын гол” қалай соғылды?

Жарақатына қарамастан Родальега қарсылас жарты алаңында допқа иелік етіп, оны қапталға жеткізді де өзі шабуылға қосылды. Ақсаңдап айып алаңына жетіп, әріптесінің пасын керемет соққымен қақпаға бағыттады. Доп қақпа тіреуінен ішке енді.

Гол соққаннан кейін Уго бір аяғымен жүгіріп барып, құлап қалды. Ойыншылар оны құшақтап жатқанда, дәрігерлер бір мезгілде алғашқы көмек көрсетті.

ФОТО: bolavip.com

Чемпиондыққа жеткен сәт

Бұл гол “Санта-Фе” клубы үшін тек жеңіс емес, 2016 жылдан бері алғашқы чемпиондық атаққа жол ашты. Родальеганың ерлігі — Колумбия футболының тарихына алтын әріппен жазылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір