Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Екі күнде 70 миллион еуро жұмсады: "Атлетико" жазғы нарықты төңкеріп жатыр

Редактор Penalty.kz
03.07.2025, 11:18

Мадридтік "Атлетико" бұл трансферлік жазда аса белсенді клубтардың біріне айналды. Тек соңғы екі күнде команда қос ойыншыға 70 миллион еуро жұмсады.

sports24.kz
sports24.kz

Руджери — қорғанысқа сенімділік

"Аталантадан" келген Маттео Руджери ресми түрде "Атлетиконың" жаңа ойыншысы атанды. Трансферлік келісім құны — 17 миллион еуро + 3 миллион бонус.

21 жастағы қорғаушы өткен маусымда А сериясында сенімді ойын көрсетті. 

Сарапшылардың пікірінше, Руджери — "Атлетико" қорғанысын жаңартуға бағытталған стратегияның алғашқы қадамы.

sportandbets.com

Баэна — жартылай қорғаудағы жаңа креатив

Клубтың екінші ірі сатып алынғын ойыншысы — "Вильярреалдан" келген Алекс Баэна. Жартылай қорғаушы үшін 45 миллион еуро + 5 миллион бонус төленді.

Баэна — Ла Лиганың үздік ассистенттерінің бірі. Өткен маусымда 12 нәтижелі паспен көзге түсті. Оның жасы — 22-де және Испания ұлттық құрамасында ойнап үлгерді.

Клубтың пікірінше, "Баэна — креативті ойыншы. Ол біздің шабуылға жаңа серпін береді".

Getty Images

"Атлетиконың" трансферлік жаздағы мақсаты — 200 миллион еуро

Бұған дейін испандық БАҚ-тар жазғандай, "Атлетико" бұл жазда 200 миллион еуроға дейін ойыншылар сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл шешім клубтың жаңа даму стратегиясына байланысты. Сонымен қатар бұл бюджет сатылымдарға тәуелсіз түрде бекітілген.

«Атлетиконың» Руджери мен Баэнаға жұмсаған 70 миллион еуросы клубтың маусым алдындағы жоспарларын нақты көрсетіп отыр. Келесі апталарда тағы бірнеше ірі трансфер болуы әбден мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір