
3 шілде футбол жанкүйерлері үшін қаралы күн болды. Португалиялық шабуылшы Диогу Жота жол апатынан қаза тапты. Қайғылы оқиғаға байланысты "Ливерпуль" тарихи шешім қабылдап Жота ойнаған 20-нөмір мәңгілікке шегерілді.
Португалия құрамасының шабуылшысы Диогу Жота мен оның бауыры Андре Силва Испанияның солтүстік-батысында жол-көлік оқиғасынан қаза тапты. Андре Силва да кәсіби футболшы болатын. Соңғы клубы — "Пенафиел".
"Ливерпульдің" ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде былай делінген:
"2024/25 маусымында чемпиондық атақты жеңіп алу жолындағы Жотаның үлесі зор болды. Оның әйгілі финті мен мерсисайдтық дербидегі соңғы голы мәңгі есте қалады".
Аталған гол Жотаның мансабындағы соңғы гол болып қалды — ол сәуір айындағы "Эвертонға" қарсы ойында жеңісті голды соққан еді.
Диогу Жота Англияға 2020 жылы келді. "Ливерпуль" сапында 182 матчқа қатысып, үш бірдей трофейге қол жеткізді. Ол "Вулверхэмптон", "Порту", мадридтік", "Атлетико" және "Пасуш де Феррейра" клубтарында да өнер көрсеткен.
2024/25 маусымында Жота Англия чемпионы атанса, маусым айында Португалия құрамасы сапында екінші рет Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды.