
Колумбия құрамасының және "Ливерпульдің" жартылай шабуылшысы Луис Диас Германия чемпиондарына бір табан жақындады. Bild басылымының хабарлауынша, Диас пен "Бавария" ойыншының жеке шарттары бойынша толық келісімге келді.
27 жастағы футболшы мюнхендік клубқа ауысуға дайын екенін нақты жеткізген. Қазір “Бавария” мен “Ливерпуль” трансфер сомасы бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.
“Бавария” жазғы трансферлік терезеде оң қанаттағы шабуылды күшейтуді басты мақсат еткен. Луис Диас дәл осы позицияда ойнайтын ойыншылардың ішіндегі ең лайықты кандидат ретінде қарастырылды. Оның техникалық шеберлігі мен шабуылдағы креативтілігі неміс грандтарының назарын аудартқаны анық. Bild дерегінше, Диас осы жазда клубқа келетін негізгі ойыншылардың бірі болмақ.
Испаниялық басылымдардың мәліметінше, Луис Диас бастапқыда “Барселонаның” қызығушылық тізімінде болған. Каталондықтар Нико Уильямс трансфері жүзеге аспай қалғаннан кейін Диасқа назар аударған. Алайда “Барса” шабуыл шебін күшейту жоспарын қайта қарастырып, тіпті Маркус Рэшфордтың трансферін де талқылаудан бас тартқан. Осылайша, “Бавария” колумбиялық вингерді трансферлеуде басты фаворитке айналды.