Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Астана" еурокубоктағы алғашқы ойынын сенсациялық нәтижемен аяқтады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
24.07.2025, 21:02

УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта "Астана" күтпеген нәтиже тіркеді. Елордалық ұжым молдавиялық "Зимбрумен" тең түсті.

instagram/@fca.astana
instagram/@fca.astana

Қарсылас бір ғана мүмкіндікті тиімді пайдаланды

Ойын “Астана Арена” стадионында өтті. Төрешілер құрамын Беларусь елінен келген Амин Кургхели басқарды. Жанкүйерлер мен букмекерлік кеңселер “Астананы” айқын фаворит санаса да, кездесудің сценарийі мүлде басқаша өрбіді.

Алғашқы минуттардан бастап қазақстандық команда ойын тізгінін өз қолына алып, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Алайда соңғы соққылар дәл болмай, мүмкіндіктер жүзеге аспады. Ал таймның қосымша минуттарында молдавиялық Гай Дахан алыстан тамаша соққымен қақпаның “тоғыздығына” дәл түсіріп, есеп ашты.

Башич таразы басын теңестірді, бірақ жеңіс бұйырмады

Екінші тайм басталысымен-ақ “Астана” қысымды күшейтіп, шабуылға шықты. Иван Башич есепті теңестірді. Кездесудің қалған бөлігінде елордалықтар бірнеше рет гол соғуға жақын болғанымен шешуші сәтте дәлдік жетіспеді.

Қарымта кездесу 31 шілде күні Молдова астанасы Кишиневте өтеді.

“Астана” (Қазақстан) – “Зимбру” (Молдова) — 1:1 (0:1)
Голдар: 45+1' Гай Дахан (Зимбру), 54' Иван Башич (Астана)

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір