"Ақтөбе" Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Праганың "Спарта" клубымен кездесті.
Ойын басталған сәтте-ақ "Ақтөбе" қақпашысы Андрей Влад бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, командасын құтқарып қалды. Алайда 12-минутта қазақстандық клуб есеп ашты. Даниэль Соса қақпа алдына жасалған әдемі әуелей көтерілген допты баспен гол соқты.
Голдан кейін "Спарта" шабуылға жаппай шықты. Бірақ Влад тағы да сенімді ойнады. Екінші таймда тартыс күшейіп, қос команда қауіпті сәттер ұйымдастырды. Лукаш Гараслиннің соққысы қақпа бағанасына тиіп кері қайтты.
70-минутта Оралхан Өміртаев қақпашымен бетпе-бет шығып, есепті 2:0-ге жеткізді. Алайда чехиялық команда соңғы минуттарда пенальти орындап, Велико Бирманчевич есепті қысқартты. Дегенмен "Ақтөбе" жеңісті уысынан шығармады.