
Испаниялық маман әрі "Барселонаның" бұрынғы бас бапкері Хави Эрнандес кезекті рет жұмыссыз қалды. Бұл жолы ол Үндістан ұлттық құрамасын жаттықтыру мүмкіндігінен айырылды,
The Khel India дерегінше, Испания маманы бас бапкерлікке өзі үміткер болғанымен Үндістан футбол федерациясы оның кандидатурасын қабылдамаған. Себебі 45 жастағы бапкердің қаржылық талаптары федерацияның мүмкіндіктеріне сай келмеген. Сондықтан Хави финалдық үміткерлер тізіміне енбей қалды.
Хави 2024 жылдың жазында “Барселонаны” тастап кеткеннен кейін әлі күнге дейін жаңа клуб тапқан жоқ. Бұған дейін оны Сауд Арабиясының “Әл-Ахли” клубымен байланыстырып келген, бірақ келісім жүзеге аспады.
Хави каталониялық клубта 2021 жылдан 2024 жылға дейін үш маусым жұмыс істеді. Оған дейін ол Қатардың “Әл-Садд” командасын жаттықтырған болатын.