
"Фенербахче" жаттықтырушысы Жозе Моуринью мен оның шәкірттері "Галатасарай" шабуылшысы Мауро Икардиді әжуалаған сәт әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.
Желіге тараған интимдік бейнежазба төңірегіндегі шу аргентиналық футболшыны ыңғайсыз жағдайға қалдырды. Модель Наташа Рей Икардидің өзі жіберген бейнесін сториске жариялап, бұл оқиға көпшіліктің назарын аударған еді.
Түрік басылымдарының мәліметінше, “Фенербахче” жаттығуында ойыншылар мен Моуринью ашық түрде Икардиді мысқылдап, оның “беделін” саусақтарымен көрсетіп күлген. Әлеуметтік желіге тараған видеода Моуриньюдың да бұл сәтте жымиғаны байқалады.
Мауро Икарди 2022 жылдан бері “Галатасарай” сапында өнер көрсетіп келеді. 2024/25 маусымында Түркия Суперлигасында 31 матчта 23 гол соғып, клубты чемпиондыққа жеткізді. Қазір Моуринью баптайтын “Фенербахче” басты қарсыласына титул үшін күрес жүргізіп жатыр. Екі клуб арасындағы келесі дерби 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.