
Жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан "Астана" ФК жыл соңына дейін келісімшартқа қол қойды.
"Астанадағы" екінші кезең
Бауыржан Исламхан елордалық команда сапында бұрын да ойнаған. 2013 жылы жарты маусымда 8 матч өткізіп, жанкүйерлердің есінде қалған еді. Оның қайта оралуы қазақстандық футбол сүйер қауым үшін жағымды жаңалық болып отыр.
"Біз Исламханның әлі де өзінің үздік спорттық қалпына толық оралмағанын жақсы түсінеміз. Ол жарақатынан кейін бұрынғы бабын жинауы үшін уақыт қажет. Мұндай жағдай әр футболшының басынан өтуі мүмкін. Сондықтан оның Қазақстан футболына және ұлттық құраманың дамуына қосқан үлесін ескеріп, клуб оған қолдау көрсетуге дайын. Қазір ол команданың негізгі міндеттерін шешуде толыққанды көмек көрсете алмайды. Бірақ біз оның жоғары деңгейлі футболшы екеніне сенеміз. "Астана" оған қайта бабына келуге мүмкіндік беріп, жанкүйерлерді өз ойынымен қуантатынына сенімді", — деді клуб басшысы Саян Хамитжанов.