"Арсенал" 15 миллион еуро төлеген 21 жастағы қорғаушы кім?

Сарапшы, спорт журналисі

Ағылшын Премьер-лигасының жазғы трансферлік терезесі кезінде белсенді әрекет етіп жатқан «Арсенал» құрамын жаңа ойыншымен толықтырды. Клубтың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, испаниялық қорғаушы Кристиан Москера ресми түрде «канонирлердің» ойыншысы атанды.

"Арсенал" 15 миллион еуро төлеген 21 жастағы қорғаушы кім?
sport-express.net

«Арсенал» мен «Валенсия» арасындағы келісім бойынша 21 жастағы ойыншының трансферлік құны 15 миллион еуро болып белгіленген. Сонымен қатар, қосымша 5 миллион еуро бонус ретінде қарастырылған. Москерамен 5 жылдық келісімшарт жасалды және оны тағы 1 жылға ұзарту мүмкіндігі бар.

Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, Кристиан Москераның қазіргі нарықтық құны 30 миллион еуро. 

Москера кім?

Кристиан Москера — «Валенсия» клубының түлегі. Ол испан клубының негізгі құрамында 90 матчқа қатысып, 1 голдың авторы атанған. Жас қорғаушы Испанияның U-21 жастар құрамасында да тұрақты түрде ойнап жүр.

«Арсеналдағы» рөлі және Артетаның жоспары

Москера – жазғы трансферлік кезеңдегі «Арсеналдың» бесінші жаңалығы. Бұған дейін клуб сапына Кепа Аррисабалага, Мартин Субименди, Кристиан Нёргор және Нони Мадуэке қосылған еді. Айта кетсек, Москера – қорғаныс шебіндегі алғашқы жаңа ойыншы.

Бас бапкер Микель Артета жас ойыншыны тек орталық қорғаушы ретінде емес, қос қапталда да қолдануға болатынын атап өтті:

«Кристиан – әмбебап қорғаушы. Ол бізге Салибаға бәсеке туғыза отырып, қорғаныста сенімділік береді», — деп мәлімдеді Артета клубтың баспасөз қызметіне.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір