Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бақтиер Зайнутдинов "Динамодағы" дебютін сәтсіз бастады (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
30.07.2025, 01:45

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Ресей кубогындағы алғашқы ойынында сенімді ойын көрсете алмады. Оған ресейлік БАҚ төмен баға берді. 

instagram/@fcdynamo
instagram/@fcdynamo

Euro-football.ru Зайнутдиновтың ойынын сынға алды

Футболшының дебюттік кездесудегі өнерін бағалаған Euro-football.ru порталы Бақтиерге 3,5 ұпай қойған. Матчтан кейін "Динамо" бас бапкері Валерий Карпин оның физикалық дайындығы жеткіліксіз екенін атап өтті. Бұл жағдай Зайнутдинов алаңға шыққан 20 минут ішінде-ақ көзге түсті.

"Зайнутдинов қарсыласқа қауіпті сәт сыйлады — пасын тура қарсыластың аяғына беріп, соққы жасалуға мүмкіндік туды. Абырой болғанда, доп бағанадан қайтты. Бұдан бөлек тағы төрт рет доптан айырылды және ойында сенімсіз әрекет етті. Соңғы минуттарда "Сочи" дәл осы Зайнутдинов тұрған аймақ арқылы шабуылдауға тырысты", — деп жазады портал.

Үздіктер қатарынан көрінбеді

Матч қорытындысы бойынша Зайнутдинов мәскеулік "Динамоның" ең төмен баға алған үш ойыншысының қатарына енді. Бұл оның командадағы алғашқы қадамы үшін көңіл көншітпейтін нәтиже саналады.

Матч туралы қысқаша

Бақтиер Зайнутдинов "Сочиге" қарсы 78-минутта есеп 2:2 болып тұрған кезде ойынға қосылды. Кездесу соңында "Динамо" жеңісті жұлып алды — 3:2.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір