Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Нұралы Әліп "Зениттің" тарихына енді (ФОТО)

Сарапшы, спорт журналисі

Әліп петерборлық клуб тарихында алғашқы қазақстандық капитан атанды. 

Нұралы Әліп "Зениттің" тарихына енді (ФОТО)
Vesti.kz

Капитандық дебют: жаңа белес

Санкт-Петербургтегі "Газпром Аренадағы" Ресей кубогының топтық кезеңіндегі алғашқы турда "Зенит" Шешенстанның "Ахмат" командасын 2:1 есебімен жеңіп шықты. Бұл ойында Нұралы Әліп команды алаңға жетелеп шықты. 

Петерборлық клубтың ресми Instagram парақшасында бұл тарихи оқиға:

"Зенит“ тарихындағы алғашқы қазақстандық капитан" – деген жазумен жарияланды.

Қазақстандық дерби: Самородов та ойнады

Матчта Нұралыдан бөлек қарсылас команда да Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов негізгі құрамда өнер көрсетті. Бұл қазақстандық футболшылардың Ресей Премьер-Лигасындағы маңызын айқын көрсетті.

"Қайраттан" бастап, үш дүркін чемпионға дейін

Нұралы Әліп 2022 жылы "Қайраттан" "Зенитке" ауысты. Осы уақыт аралығында Ресей Премьер-Лигасының үш дүркін чемпионы, Ресей Кубогының иегері және үш мәрте Суперкубок жеңімпазы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір