ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

"Астана" Конференциялар лигасында таза жеңіске жетті (ВИДЕО)

Елордалықтар УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Кишиневте "Зимбру" командасымен кездесті. Қазақстандық команда айқын басымдық танытып, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

"Астана" Конференциялар лигасында таза жеңіске жетті (ВИДЕО)
Instagram/@fca.astana

Кездесудің алғашқы таймында-ақ "Астана" екі гол соғып, ойында өз басымдығын орнатты. 18-минутта Джеффри Чинеду есеп ашса, 21-минутта Усман Камара нәтижені еселей түсті.

Алғашқы ойында есеп 1:1 болғандықтан қос матч қорытындысы бойынша 3:1 нәтижесімен Григорий Бабаянның шәкірттері үшінші кезеңге шықты.

Енді елордалық ұжым үшінші іріктеу кезеңінде Солтүстік Македонияның "Вардар" және Швейцарияның "Лозанна, клубтарының арасындағы жеңімпазбен кездеседі. 

Бұл туралы не ойлайсыз?