"Ақтөбенің" еурокубоктағы матчы 4:0 есебімен аяқталды
Прагада Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында "Спарта" "Ақтөбені" қабылдады. Кездесу 4:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
Instagram/@fcaktobe_official
Прагадағы ауыр жеңіліс
Чехиялық клуб өз жанкүйерлері алдында сенімді ойын көрсетті. Төрт голды төрт түрлі футболшы соқты. Олар Ян Кухта, Альбион Рахмани, Матей Рынеш және Велько Бирманчевич.
Еске сала кетейік, бірінші ойында "Ақтөбе" сенсация жасап, 2:1 есебімен жеңіске жеткен. Бұл нәтиже қазақстандық жанкүйерлерге үміт отын сыйлаған-ды. Алайда қарымта матчта прагалықтар бар күшін салып, келесі кезеңге жолдама алды.
"Спартаның" келесі қарсыласы анықталды
Үшінші кезеңде чехиялық клуб Арменияның "Арарат-Армения" және Румынияның "Университатя Клуж" командалары арасындағы жеңімпазбен кездеседі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet